auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қайратқа" қарсы кездесуді асыға күтіп жүрмін - Иван Маевский

"Қайратқа" қарсы кездесуді асыға күтіп жүрмін - Иван Маевский
Иван Маевский. "Астана" ФК ресми сайтынан
«Астана»  командасы елордамызда Қазақстан Суперкубогына дайындық жұмыстарын жалғастартыруда. Команда сапына маусымаралық үзіліс кезінде қосылған Иван Маевский алғаш рет Астана қаласында.

Өзінің көңіл-күйі, маусымның алғашқы ойыны туралы команданың жартылай қорғаушысы Иван елордалық клубтың баспасөз қызметіне айтып берді:

- Көңіл-күй керемет! Әлі де ұйымдастыру жұмыстарымен бірнеше шешілмеген мәселелер бар. Дегенмен, Қазақстанда әзірге барлығы ұнап жатыр. Одан әрмен де осылай болады деп үміттенемін. Енді, барыншы жаттығу жұмыстарын жасап, алдағы кездесулерге дайындалуым керек.

- Қаланы аралап үлгердіңіз бе?

- Әлі толыққанды танысып үлгермедім. Алайда көптеген көздің жауын алатын үйлер мен «Астана Арена» стадионы ұнады.

- Оқу-жаттығу жиындары қалай өтті?

- Жаттығу жиындары жоғары деңгейде өтті. Бапкерлер құрамы тарапынан берілген жүктемелерді, тапсырмаларды сәтті орындадық. Жалпы жоспарымызға сай дайындық жұмыстарын өткіздік.

- Бірнеше күннен кейін Қазақстан Суперкубогы. Бұл кездесу маусымның алғашқы ойыны. «Қайрат» командасына қарсы кездесуге команданың дайындығы қалай?

- Оқу-жаттығу жиындарынан кейін тезірек маусымның басталғанын асыға күтудеміз. «Астана» сапында өткізетін алғашқы ресми кездесуім болғандықтан өз басым осы ойынды асыға күтіп жүрмін. Және де «Қайрат» командасы чемпионаттағы біздің басты бәсекелесіміз болғандықтан, осы ойынға команданың дайындығы ерекше.

- «Астана» сапында қандай нөмірмен ойнайтыныңызды шештіңіз бе?

- 18 нөмірмен өнер көрсететін боламын.

- Жанкүйерлерге айтар тілегіңіз?

- Барлық жанкүйерлерді бізді қолдауға шақырамын. Біз өз кезегімізде жанкүйерлер сенім ін ақтап, жақсы ойын көрсетіп, үздік нәтижеге жетуге тырысамыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама