"Қайрат" Вагнер Лавтың клуб қатарына қосылғанын ресми хабарлады

Сурет клубтың сайтынан аылнды.
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав "Қайрат" клубының футболшысы атанды, деп хабарлайды клубтың сайты. 

36 жастағы шабуылшымен алты айға келісімшарт жасалған. Шартнама тағы да созылуы мүмкін. Лавтың "Қайратқа" өткені туралы ақпарат 23 маусымда белгілі болған еді. 




36 жастағы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласының тумасы 2004-2012 жылдар аралығында ЦСКА-ның сапында жасындай жарқырағаны барша жанкүйердің жадынды. Сол кездері мәскеулік ұжым Ресей чемпионатында үш мәрте топ жарды. Ел кубогын алты және супер кубогын төрт реттен иеленді. 2005 жылы УЕФА кубогын олжалады. ЦСКА-ның осындай зор табысқа жетуіне Лавтың қосқан үлесі орасан зор екені даусыз.

Одан бөлек, ол Бразилияның "Палмейрас" (2002-04, 2009-10), "Фламенго" (2010, 2012-13), "Коринтинас" (2015-16, 2019-20), Қытайдың "Шаньдун Лунэн" (2013-15), Францияның "Монако" (2016), Түркияның "Аланияспор" (2016-18) мен "Бешикташ" (2018-19) клубтарында ойнады. Бұл біріншіліктердің барлығында да Оңтүстік Американың оғыланы өзін жақсы қырынан көрсете білді.

2003 жылы Бразилияның жастар құрамасы сапында бес кездесу өткізген Вагнер Лав төрт рет нысананы дәл көздеді. 2004-07 жылдар аралығында ұлттық команданың жейдесін киді. Сол аралықта 20 рет жасыл алаңға шығып, төрт голдың авторы атанды.



ка Америки.
Метки:
Жаңалықтар