"Қайрат" "Тобылды" ойсырата жеңіп "Астанадан" 14 ұпай озып кетті. Лав тағы бір пенальти соға алмады

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан біріншілігінің 15-турында қостанайлық "Тобылмен" кездесіп, ірі есеппен жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Талғарда өткен ойын 4:0 есебімен алматылық клубтың пайдасына аяқталды. "Қайрат" сапынан Абат Айымбетов (8-минут), Гафуржан Сүйімбаев (28-минут), Небойша Косович (44-минут) жәнер Вагнер Лав (67-минут) көзге түсті. 

Кездесудің соңында Вагнер Лав 11 метрлік пенальтиді соға алмады. Осылайша бразилиялық шабуылшы екінші пенальтиден мүлт кетті. 

Бұл жеңістен кейін "Қайрат" көшбасында қала береді. Қазір команданың еншісінде 38 ұпай бар. Екінші орында келе жатқан "Астанадан" алматылық ұжым 14 ұпайға озып кетті. Ал 23 ұпайы бар "Тобыл" төртінші орында тұр. 




Метки:
Жаңалықтар