КПЛ
4 тамыз 2020 11:32

"Қайрат" тәлімгері бір жылда екінші рет команда ауыстырды

Ойбек Балтабаев. Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
25 жастағы жартылай қорғаушы Ойбек Балтабаев пен 30 жастағы шабуылшы Вячеслав Сердюков "Махтаарал" сапына ауысты,- деп хабарлайды KazFootball.kz


Сердюков - Қостанай футбол мектебінің түлегі. Соңғы екі жылда ол "Алтай" сапында ойнап, 22 кездесуде бес гол соқты. Жалпы шабуылшы бұл командада 46 кездесуге қатысып, тоғыз рет көзге түскен. 

Оған дейін Сердюков "Аят", "Тобыл", "Гефест", "Каспий" және "Жетісу" командалараның намысын қорғаған. Қазақстан премьер-лигасында 15 ойын өткізіп, бір рет гол соққан. 

Балтабаев болса өткен маусымды "Ертіс" сапында өткізді. Жалпы павлодарлық команданың сапында ол үш ғана кездесуге қатысқан. Сөйтіп жазғы трансфер кезінде "Алтайға", ал қыста "Екібастұз" командасына ауысты. 

2017 жылы ол "Қайрат" сапында 11 кездесуде алаңға шықты. Қазақстан жастар құрамасында үш ресми және алты жолдастық кездесуге қатысты.