КПЛ
25 маусым 2020 19:49

"Қайрат" тағы бір легионермен келісімшарт жасайды

Хали Тиам. Сурет: "Левски" ФК
Болгариялық БАҚ өкілдері "Левски" командасының сенегалдық жартылай қорғаушысы Хали Тиам жуық арада алматылық "Қайрат" сапына ауысады деп жазып жатыр. 

Gong.bg және басқа БАҚ Тиамның "Левски" клубымен келісімшарты 2 шілде күні аяқталады. Ал Transfermarkt ақпараты бойынша, шартнама 30 маусымда аяқталады. 

26 жастағы жартылай қорғаушы команда сапынан ертерек кетеді. Себебі, команданың бапкері оны 28 маусымда өтетін "Барое" клубына қарсы кездесуге шығаруды ойластырып отырған жоқ. 

Сондықтан да ол Қазақстанға ерте ұшып келіп, "Қайратпен" келісімшарт жасайды. Осылайша, ол алматылық клубтың екінші жаңа ойыншысы атануы мүмкін. Бұған дейін клуб барзилиялық шабуылшы Вагнер Лавты қатарына қосқан болатын.