"Қайрат" шабуылшысына қытайлық клубтан ұсыныс түсті

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Адеринсола Эсеола жақын арада клубтан кетуі мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен маусымда 29 жастағы шабуылшы негізгі құрамдағы орнынан айырылды. Қытайлық клубтардың бірі ойыншыға белсенді түрде қызығушылық танытып отыр. Сонымен бірге, бұл клуб футболшының өзімен де, "Қайратпен" де байланысып үлгерді. "Қайраттың" Эсеоланы сату мүмкіндігі де жоққа шығарылмады.

Осы маусымда Эсеола алматылық клуб сапында 17 матч өткізіп, екі гол соқты. Сондай-ақ, бір мәрте әріптестерінің көзге түсуіне мүмкіндік жасады. Өткен маусымда шабуылшы Премьер-лиганың үздік сұрмергені деп танылып, бәсекелесі Марин Томасовты қосымша көрсеткіш бойынша жеңген еді.

"Қайратқа" ауыспас бұрын Эсеола "Ақжайық" сапында ойнады, ол клубта 13 ойынға қатысып, сегіз гол соқты. Сондай-ақ, украиналық шабуылшы Италияның төменгі лигаларының клубтарында, украиналық "Арсенал-Киев", "Десна", "Александрия" және "Динамо Киевтің" жастар құрамасында ойнады.
Метки:
Жаңалықтар