"Қайрат" шабуылшысы ел біріншілігінде сұрмергендердің көшін бастады

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов футболдан Қазақстан премтер лигасындағы сұрмергендер тізімінде көш бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Шабуылшы "Тобылмен" өтіп жатқан кездесудің алтыншы минутында көзге түсті. Бұл Айымбетовтің ел біріншілігіндегі тоғызыншы голы. Қазір ол сұрмергендер тізімінде жеке-дара көш бастап тұр.



Екінші орында "Ордабасы" командасының шабуылшысы Жоао Пауло жайғасқан. Оның еншісінде 8 гол бар. 7 гол соққан "Қайсардың" шабуылшысы Элгуджа Лоджанидзе үздік үштікті түйіндеп тұр. 







Метки:
Жаңалықтар