"Қайрат" шабуылшысы бірінші рет Қазақстан құрамасына шақырту алды
Сурет: ҚФФ
"Қайрат" шабуылшысы Артур Шушеначев алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қайрат" шабуылшысы Артур Шушеначев алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тараздың 22 жастағы тумасы осы маусымда алматылық клуб сапында үш матч өткізді. Және бір гол соғып үлгерді.
Өткен маусымда Шушеначев Премьер-лигада 14 матчқа қатысып, үш гол соқты. Сондай-ақ футболшы Еуро-2021 турнирінің іріктеу кезеңінде үнемі жастар құрамасында өнер көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасы сәйкесінше, Нұр-Сұлтан қаласында Франция құрамасын қабылдайды және Украинаға қонаққа барады.
Жарнама