КПЛ
26 қаңтар 2019 13:11
 
"Қайрат" Оңтүстік Корея футболшысының алматылық клубқа ауысқанын хабарлады

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" Оңтүстік Корея футболшысының алматылық клубқа ауысқанын хабарлады Сурет "Қайрат" ФК сайтынан

"Қайрат" Оңтүстік Корея футболшысы Хан Чжон Вудың алматылық клубқа ауысқанын туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Легионер әр түрлі позицияда өнер көрсете алады. Хан Чжон Вумен келісімшарт 2+1 жүйесімен жасалған. Осылайша, кореялық футболшы "Қайрат" сапында екі маусым қатарынан өнер көрсетіп, үшінші маусымда келісімді қайта қарастыра алады.

Сеул қаласының тумасы 9 жасынан бастап футболға қызыққан. 2014-2016 жылдары аралығында "Йонгвун" командасының намысын қорғады. Өткен маусымда ол "Сунгсиль" клубында шабуылшы хавбек рөлін атқарды.

Хан Чжон Ву сол аяғының соққысымен танымал болған. Ол әр түрлі позицияда өнер көрсете алады: сол вингер, орталық жартылай қорғаушы, сондай-ақ оң вингер.

2016 жылы ол Оңтүстік Корея жасөспірімдер құрамасы (U-18) сапында екі ойын өткізді. Екі ойында да ол ағылшын футболшыларына қарсы ойнады.

Қазіргі уақытта "Қайраттың" жаңа футболшысы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар.

Осылайша, Хан Чжон Ву қысқы маусымаралықта "Қайрат" сапына ауысқан үшінші легионер және төртінші жаңа ойыншы. Осыған дейін, алматылық клубқа сербиялық қорғаушы Раде Дугалич, польшалық жартылайқорғаушы Конрад Вржещиньский және Қазақстан құрамасының хавбегі Еркебұлан Тұңғышбаевтың ауысқаны туралы хабарланған еді.

Жарнама

Живи спортом!