"Қайрат" менің жүрегімде!". Бауыржан Исламхан алматылық клубты чемпиондық атағымен құттықтады

Бауыржан Исламхан. Сурет: ҚФФ
"Қайрат" командасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламхан алматылық клубтың футболдан Қазақстан біріншілігінде чемпион атануымен құттықтады,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазіргі уақытта БАӘ біріншілігіндегі "Аль-Айн" командасында өнер көрсететін Исламхан "Қайрат" сапына 2014 жылы ауысып, 2019 жылдың соңына дейін өнер көрсеткен болатын. Бұл уақыттың ішінде алматылық клуб бес рет күміс жүлдегер атанып, төрт рет Қазақстан кубогі мен екі рет Қазақстан Суперкубогін жеңіп алған. Бірақ ол өз карьерасында чемпион атана алмай кетті. 

"Барша Қайраттықтар, көптен күткен чемпиондық атақ құтты болсын!!! Әрдайым "Қайрат" командасына сәттілік тілеймін, жеңісті күндер көп болсын. "Қайрат" Алға, Вперед Кайрат!!! Қайрат менің жүрегімде!", - деп жазба қалдырды Исламхан. 




Метки:
Жаңалықтар