"Қайрат" ҚПЛ-дегі сәтсіздіктерінен кейін үндеу жариялады

Сурет "Қайраттың" ресми сайтынан алынды.

Алматылық "Қайрат" командасы Қазақстан біріншілігінде "Қызыл-Жар" команасымен 1:1 есебімен тең ойыннан кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады. 

"Құрметті жанкүйерлер! Қазір біздің команда қиын жағдайды өткеріп жатыр. Өкінішке қарай, соңғы ойындарда біз өзіміз қалаған нәтижеге қол жеткізе алмай келеміз. Біз де сіздер секілді уайымдап отырмыз. 

Қазіргі уақытта бапкерлер қосыны мен футболшыларға сіздердің қолдауларыңыз қатты қажет. Бұл жағдайды түзеу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада "Қайратқа" қайта жеңістер оралады. Сенеміз!", - делінген клуб таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, "Қайрат" ішкі біріншіліктің тоғыз турынан кейін 16 ұпай жинап, төртінші орынға жайғасқан. Алматылық команда көш басындағы "Астанадан" жеті үпай қалып келеді. 

Метки:
Жаңалықтар