"Қайрат" Қазақстан чемпионатында қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Сурет "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды.
Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионатында петропавлдық "Қызыл-Жар СК" командасымен кездесіп, жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Талғарда өтіп, 1:0 есебімен "Қайрат" командасының пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 27-минутта алматылық команданың шабуылшысы Абат Айымбетов соқты. Бұл Айымбетовтың биылғы маусымдағы бесінші голы. Қазір ол үздік сұрмергендер тізімінде екінші орында келеді. 



Осылайша қатарынан алты ойында жеңіске жеткен "Қайрат" 24 ұпаймен турнир кестесінде көшбастап келеді. Алматылық команда "Астанадан" тоғыз ұпайға ұзап кетті. Бірақ елордалық команда бір ойынға кем өткізген. Ал "Қызыл-Жар СК" командасында жеті ұпай бар. 







Метки:
Жаңалықтар