"Қайрат" қайта басталған Қазақстан біріншілігінде "Каспийді" ойсырата жеңді

Короновирус пандемиясына байланысты үзіліп қалып, бүгін қайта басталған Қазақстан біріншілігінде алматылық "Қайрат" ақтаулық "Каспий" командасын ірі есеппен жеңді.

Төртінші тур ойын бүгін, яғни, 18 тамыз Алматы маңында орналасқан Талғардағы оқу-жаттығу базасында өтіп, 3-0 есебімен "Қайраттың" пайдасына аяқталды.

Алматылық команданың сапында екі голды Нұралы Әліп соқса, матчтың нүктесін шабуылшы Артур Шушеначев қойды.

Айта кетейік, бұл ойын барысында бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав "Қайрат" сапындағы бірінші кездесуін өткізіп, үшінші гол соғылар кезде, нәтижелі пас берді.

Бұл ойыннан кейін 12 ұпай жинаған "Қайрат" турнир кестесінде екі ойын кем өткізген "Тобыл" мен "Астана" ұжымдарын артқа тастап, көш бастады.
Метки:
Жаңалықтар