КПЛ
23 сәуір 2017 19:58
 
"Қайрат" жеңілістен құтылып, "Астана" көш басындағы орнын нықтады

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" жеңілістен құтылып, "Астана" көш басындағы орнын нықтады "Қайрат" ФК ресми сайтынан

Бүгін Қазақстан Премьер - Лигасының 8-ші тур ойындары өтті. Турдың орталық матчы Кереку қаласында тартысты өрбісе, Шымкентте жергілікті "Ордабасы" күтпеген жерден жеңіліс тапты. 

Кереку қаласында жергілікті "Ертіс" пен алматылық "Қайрат" командалары арасындағы кездесу тартысты өтті. Қонақтар алғаш болып есепті ашқанымен, Димитар Дмитровтің шәкірттері бірінші таймда "Қайраттың" қақпасын үш мәрте дәл көздеді. Ойынның екінші бөлігінде алматылық команданың қорғаушысы Сезар Арзо алаңнан қуылған. Алайда 10 ойыншымен қалса да Кахабер Цхададзенің командасы жігерлік танытып, кездесу аяқталғанша таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен 61-ші минутта Иво Иличевич басымен допты Давид Лория қорғаған қақпасына дөп түсірсе, артынша команда капитаны Бауыржан Исламхан қитұрқы соққы жасап, әріптестерін жеңілістен сақтап қалды.

"Ертіс" - "Қайрат" 3:3 (3:1)
Голдар:
Живкович 13 (пен.), Дарабаев 28, Джа Джедже 40 – Гоу 5, Иличевич 61, Исламхан 89
Алаңнан қуылды: Арзо 58 "Қайрат"

Шымкенттік "Ордабасы" ел біріншілігінің соңғы екі турында қатарынан жеңіліс тапты. Алдымен Алматыда "Қайраттан" 3:0 есебімен ұтылса, бүгін өз алаңында Қостанайлық "Тобылға" есе жіберді. Алғашқы таймның соңғы минутында алаң иелерінің сапынан Ковальчук көзге түскен болатын. Алайда екінші таймда Омари Тетрадзенің шәкірттері 5 минуттың ішінде қос доп соғып, жеңісті жұлып алды.

"Ордабасы" - "Тобыл" 1:2 (1:0)
Голдар:
Ковальчук 45 - Жанғылышбай 63, Деспотович 68

Көш бастаған елордалық "Астана" еш қиындықсыз "Тараз" командасын 4:0 есебімен жеңді. Кабананга дубль авторы атанса, Граховац пен Жалмұқан бір-бір доптан соқты. 

"Астана" - "Тараз" 4:0 (3:0)
Голдар:
Граховац 13, Кабананга 33, 84, Жалмұқан 43

Соңғы турларда қызылордалық "Қайсар" қайсарлығын жоғалтқандай. Орал қаласына қонаққа барған қызылордалық команда алаң иелерінің қауқарына шыдас бере алмады. Валиуллиннің ойынның екінші бөлігінде соққан жалғыз голы "Ақжайыққа" үш ұпай сыйлады.

"Ақжайық" – "Қайсар" 1:0 (0:0)
Гол:
Валиуллин 56

Жарнама

Живи спортом!