"Қайрат" футболшысы Қырғызстанның үздік спортшылары қатарына қосылды

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Алматылық "Қайраттың" футболшысы Гүлжігіт Алықұлов Қырғызстандағы КТРК арнасының нұсқасы бойынша үздік спортшылардың үштігіне қосылды,- деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Алықұлов 2020 жылы "Қайрат" командасымен бірге Қазақстан чемпионы атанды. 20 жастағы футболшы ел біріншілігінде 18 ойын өткізіп, бір гол соқты. Сонымен қатар, ол Еуропа лигасында да ойнап, "Ноа" клубының қақпасына бір гол соқты. 

Ал Қырғызстанның ең үздік спортшысы "Дордой" командасы мен құраманың шабуылшысы Мирлан Мурзаев атаныпты. 

Айта кетейік, Алықұлов "Қайрат" сапына қаңтарда ауысты. Оған дейін ол Беларусь біріншілігінде "Неман" клубында ойнаған. Қырғызстан ұлттық құрамасы үшін шабуылшы 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 



Метки:
Жаңалықтар