"Қайрат" футболшыларының коронавируске тапсырған тест нәтижесі шықты

Сурет "Қайрат" клубының сайтынан.
Алматылық "Қайрат" командасының футболшылары мен бапкерлері коронавируске тест тапсырды,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

"Барлық футболшылар мен команда қызметкерлері тапсырған тесттен тағы да коронавирустың шықпағанын қуана хабарлаймыз. 

Біз барлықтарыңызды сақ болуға шақырамыз. Барлық карантин шараларын сақтап, қолдарыңызды жиі жуып, дистанция сақтап, маска киіп жүріңіздер", - делінген клуб таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, ҚПЛ-дің жаңа маусымында "Қайрат" тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап тұр. Алматылық ұжым бір ойынға кем матч өткізген "Тобыл" мен "Астанадан" екі ұпай алда. 

Ел біріншілігі негізі 3 тамыз күні басталуы керек еді. Бірақ елдегі карантиннің ұзартылуына байланысты біріншілік тағы кейінге шегерілді. Енді чемпионат 17 тамызда басталады деп күтілуде. 





Метки:
Жаңалықтар