Гвинейлік шабуылшы Хосе Канте Мартинес "Қайрат" командасына ауысты,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Мартинес Испанияда дүниеге келген. Бірақ 2016 жылдан бері Гвиней құрамасының намысын қорғап келеді.
Айта кетейік, бұған дейін ол варшавалық "Легия" командасымен келісімшартын бұзды. Польшалық команда сапында ол 2,5 жыл ойнап, 2019/20 жылғы маусымда ішкі біріншіліктің чемпионы атанды.
Сондай-ақ ол Польша біріншілігінде "Висла" (Плоцк), "Гурник" командаларында, испаниялық "Прат", "Химнастик", кипрлік АЕК командаларының намысын қорғаған.
Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" германиялық "Падеборн" командасының шабуылшысы Штрели Мамбаны сатып алған болатын.