"Футболшының ойын практикасын көбірек алу үшін өзі басқа командаға ауысу туралы ниет білдірді. Клуб қарсы болған жоқ.
"Қайрат" Еркебұланға "Жетісу" сапында жақсы ойнап, жетістікке жетуін тілейді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Сейдахмет "Қайрат" сапына 2019 жылы ауысып келді. Биыл ол алматылық клуб сапында 12 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.