"Қайрат" Еркебұлан Сейдахметпен келісімшартты ұзартты
Алматылық "Қайрат" өзінің ресми сайтында 21 жастағы шабуылшы Еркебұлан Сейдахметпен келісімшарт ұзартқаны туралы хабарлады,- деп жазады Vesti.kz порталы.
Алматылық "Қайрат" өзінің ресми сайтында 21 жастағы шабуылшы Еркебұлан Сейдахметпен келісімшарт ұзартқаны туралы хабарлады,- деп жазады Vesti.kz порталы.
Клуб пен шабуылшы жаңа келісімшартты 2022 жылдың соңына дейін жасаған. Егер Сейдахметтің ойыны командаға ұнайтын болса, онда келісімшарт тағы бір жылға созылуы мүмкін. Бұған дейінгі келісімшарт 2022 жылғы маусымның соңына дейін жасалған болатын.
Шабуылшы жаңа маусымда 28 нөмірімен ойнайды. Бұған дейін "Қайрат" сапында бұл нөмірмен ресейлік футболшы Андрей Аршавин ойнаған болатын.
Еске салайық, Сейдмахмет "Қайрат" командасымен келісімшартты 2019 жылы жасаған болатын. Оған дейін шабуылшы "Уфа" командасында ойнайды.
Жарнама