КПЛ
18 маусым 2018 16:07
 
"Қайрат" екі бірдей шабуылшысын сатуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

"Қайрат" екі бірдей шабуылшысын сатуы мүмкін

«Қайрат» командасының шабуылшылары Чума Анене мен Уго Сильвейра алматылық клубтан кетуі мүмкін.

Бұл туралы отандық ақпарат құралдары жарыса жазуда.

Аталған екі футболшы алматылық клубтың бас бапкерінің де, жанкүйерлерінің де көңілінен шықпай жүр. Өйткені, соңғы ойындарда испаниялық маман бірнеше мәрте бас шабуылшысыз ойнап көрді. Чуманы да, Угоны да алаңға шығармай, шабуыл шебінде Аршавин, Исаэль, Иличечич үштігіне сенім артқан кездері бар.

Оның үстіне жақында ғана командаға ҚПЛ-дің бүгінгі таңдағы үздік сұрмергені Эсеола келді.

25 жастағы шабуылшы Чума Анене 2017 жылдың наурыз айында «Амкардан» ауысып келген. Норвегиялық шабуылшы содан бері Премьер-лигада 29 кездесуде 8 гол соқты. Осы маусымда 9 ойынға қатысып, 4 гол соқты.

Ал 24 жастағы уругвайлық ойыншы Уго Сильвейра «Қайратқа» биыл жыл басында келді. Алайда, Алматыда ол өзін нағыз шабуылшы ретінде көрсете алмауда. Жыл басынан бері еншісіне бар болғаны 4 гол ғана жаза алды.

Жарнама

Живи спортом!