"Қайрат" даниялық қорғаушы үшін бір миллион еуро төлеуге дайын

Сурет "Динамо" сайтынан алынды.

23 жастағы даниялық жартылай қорғаушы Миккель Дуэлунд карьерасын "Қайратта" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Footballtransfer.com.ua порталы. 

Жуырда Чемпиондар лигасында жарыс жолын бастайтын қазақстандық клуб Дуэлундқа қызығушылық білдіріп отыр. 

Негізі Дуэлунд киевтік "Динамо" командасының футболшысы. Бірақ қазір ол нидерландылық НЕК командасы сапында жалда ойнап жатыр. 

Порталдың ақпараты бойынша, "Қайрат" Дуэлунд үшін "Динамоға" 1,3 миллион еуро төлеуге дайын екен. Қазір келіссөз жүріп жатыр.

Метки:
Жаңалықтар