Поляковтың соңғы клуб ресейлік "Урал" командасы болды. Ол соңғы екі жылда Ресей біріншілігінде 28 кездесуге қатысқан. Оған дейін Поляков кипрлік АПОЭЛ және беларуссиялық БАТЭ мен "Шахтер" командаларында ойнаған.
Поляков карьерасында Беларусь біріншілігін жеті рет жеңіп алған. Төрт рет БАТЭ командасымен кубокті жеңген. Сондай-ақ ол Кипр біріншілігінің чемпионы.
Ұлттық құрамасына орталық қорғаушы 2010 жылы алғаш рет шақырту алған. Осы уақытқа дейін 42 кездесу өткізген. Беларусь жастар құрамасымен Еуро-2011 додасында қола жүлдегер атанған. Сонымен қатар, ол 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан.