"Қайрат" академиясының бұрынғы бапкері израильдік клубтың тізгінін ұстады

Реймонд Аттевелд. Сурет: "Маккаби" Тель-Авив©
Алматылық "Қайрат" клубы академиясының бұрынғы бапкер-кеңесшісі Реймонд Аттевелд Нетания қаласының "Маккаби" клубының тізгінін ұстады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Израиль біріншілігінің соңғы маусымында бұл команда тоғызыншы орын алды. Бапкер мен клуб арасындағы келісімшарт бір жылға жасалыпты. 

53 жастағы Аттевелд осымен үшінші өзі жеке бапкер ретінде клубтың тізгінін ұстап отыр. Бұған дейін ол 2011 жылы кипрлік АЕЛ, ал өткен маусымда израильдік "Бейтар" клубтарын жаттықтырған еді. 

2013 жыл мен 2016 жылда аралығында Аттевелд алматылық "Қайрат" клуб академиясында бапкер-кеңесші қызметін атқарды. Ол қызметінен сол кезде спорт директоры қызметін атқарған Патрик ван Лиувенмен бір кетті. 





Метки:
Жаңалықтар