"Каспий" ел біріншілігіне дайындығын жалғастыру үшін Алматыға келді

Сурет "Каспий" клубының сайтынан алынды.

Актаулық "Каспий" командасын футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындарына дайындықты жалғастыру үшін Алматыға келді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Команда "Жас Қыран" стадионында жаттығу жасап жатыр. Ұжым сапынан бірнеше футболшылар кеткен. Олар - Айдос Тәттібаев, Еркін Тапалов, Рамазан Кәрімов және Сұлтан Сағынаевү 

Айта кетейік, ел біріншілігі 3 тамыз басталады деп күтілуде. Алдағы тур ойындары Алматы мен Талғарда өтеді. Бұған дейін ҚПЛ коронавирус індетінің кең тарап кетуіне байланысты екі рет тоқтатылды. 

.

 

Метки:
Жаңалықтар