Актаулық "Каспий" командасын футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындарына дайындықты жалғастыру үшін Алматыға келді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Команда "Жас Қыран" стадионында жаттығу жасап жатыр. Ұжым сапынан бірнеше футболшылар кеткен. Олар - Айдос Тәттібаев, Еркін Тапалов, Рамазан Кәрімов және Сұлтан Сағынаевү
Айта кетейік, ел біріншілігі 3 тамыз басталады деп күтілуде. Алдағы тур ойындары Алматы мен Талғарда өтеді. Бұған дейін ҚПЛ коронавирус індетінің кең тарап кетуіне байланысты екі рет тоқтатылды.
.
КПЛ
26 шілде 2020 15:41
"Каспий" ел біріншілігіне дайындығын жалғастыру үшін Алматыға келді
Сурет "Каспий" клубының сайтынан алынды.