Карлос Фонсека "Тобыл" командасынан кетеді

Сурет "Тобыл" сайтынан алынды.

Португалиялық жартылай қорғаушы Карлос Фонсека жуық арада "Тобыл" сапынан кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Басылымының жазуынша, Фонсека қостанайлық командаға керек болмай қалған. Ол соңғы он ойында бар болғаны 91 минут ғана ойнады. 

Еске салайық, Фонсека "Тобыл" сапына 2020 жылдың шілдесінде еркін агент ретінде қосылған болатын. Жалпы ол клуб сапында 12 матч өткізіп, гол соға алмады. 

Айта кетейік, бұған дейін "Тобыл" сапынан қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев кеткен болатын.

Метки:
Жаңалықтар