Македониялық шабуылшы Христиан Кировски Түркия жерінде оқу-жаттығу жұмыстарын бастаған қызылордалық "Қайсар" клубы сапында бақылаудан өтуге келді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
32 жастағы шабуылшы қызылордалық клуб сапында бірнеше жаттығу өткізіп те үлгерген. Жолдастық кездесулердер кейін Стойчо Младенов басқаратын "Қайсар" клубының бапкерлері шабуылшының командадағы оның болашағы туралы мәселені шешеді.
Айта кетейік, Кировски соңғы рет тайландтық "Чиангмай" клубының сапында өнер көрсетті. Жалпы ол карьерасында 19 клубта өнер көрсеткет. Тарқатып айтсақ, ол Македония, Таиланд, Сербия, Румыния, Украина, Кипр, Грекия, Болгария, Ресей және Польша біріншіліктерінде ойнаған.
Жарнама