Кахабер Цхададзе "Ордабасыдан" кететін хабарлады

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.
Шымкенттік "Ордабасы" командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе өзінің көмекшілері мен команда ойыншыларына маусым аяқталған соң ұжымнан кететінін айтты. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлап отыр. 

Мұндай мәлімдемені грузилиялық маман "Қайратпен" өткен кездесудің алдында айтқан. "Қайратқа" чемпиондық атақты алып берген бұл ойын 3:1 есебімен аяқталған болатын.

Цхададзе "Ордабасы" тізгінін 2018 жылы ұстады. Ол шымкенттік командаға "Қайраттан" қызметінен босатылған соң келді. Бұл маманның бастамасымен "Ордабасы" ел біріншілігінде біпр рет қола жүлде жеңіп, екі рет Еуропа лигасында ойнады. 

Қазақстан чемпионатының 17 турынан кейін "Ордабасы" командасы төртінші орында келеді. 




Метки:
Жаңалықтар