КПЛ
12 желтоқсан 2017 17:24
 
Жүз пайызға сенімді емеспін. Бірақ мен "Астанадан" кететін шығармын - Станимир Стойлов

  Пікірлер

blog.share

Жүз пайызға сенімді емеспін. Бірақ мен "Астанадан" кететін шығармын - Станимир Стойлов Станимир Стойлов. Фото Reuters©

Елордалық "Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов Еуропа лигасындағы "Спортингқа" қарсы өтетін ойын туралы ойымен бөлісті. 

Еуропа лигасы 1/16 финалының бірінші кездесуі 15 ақпан күні Қазақстанның астанасында өтсе, екінші кездесу бір аптадан кейін, яғни 22 ақпан күні Лиссабонда өтеді. 

Стойловтың айтуынша, "Астананың" басты проблеммасы - ойын практикасының аздығы болады екен. 

"Спортинг үшін жеребе жақсы түсті. Өйткені, ол фоварит. Бірақ біздің де команда осал емес. Өзін жақсы қырынан көрсете алады. Иә, Португалияға сарап ұзақ болайын деп тұр. Бірақ мен арақашықтықты проблемма деп санамаймын. "Астананың" басты қиындысы - ойын практикасының жоқ болуы. Себебі, біріншілік бізде тек көктемде басталады. Бұл уақытта бізде маусым алдындағы жаттығулар ғана өтіп жатады. Ол кезде команда керемет бабында болады деп айта алмаймын. 

Астана - жаңа әрі әдемі қала. Стадион да жуырда ғана салынды. Қыс мезгілінде төбесі жабық тұрады. Тек мамыр айында ғана ашуға болады. Алаң жасанды. Сапасы да өте жоғары", - дейді Стойлов. 

"Астананың" барлық табысы тікелей байланысты болгариялық маман желтоқсан айында, келісімшарт аяқталғаннан кейін командадан кетуі мүмкін екенін де айтты. 

"Менің болжамдарым көп. "Астанада" қаламын ба, жоқ па - он күннен кейін шешемін. 100 пайыз сенімді емеспін. Бірақ мен кетуім керек", - дейді бапкер. 

Жарнама

Живи спортом!