КПЛ
15 мамыр 2017 12:23
 

Жоғары нәтижеге жету үшін көп еңбектенетін боламыз - Роман Мұртазаев

  Пікірлер

blog.share

Жоғары нәтижеге жету үшін көп еңбектенетін боламыз - Роман Мұртазаев Роман Мұртазаев. "Астана" ФК ресми сайтынан

«Астана» командасының шабуылшысы Роман Мұртазаев Vesti.kz сайтының тілшісіне өзінің бұрынғы командасына қарсы өткізген кездесуінен алған әсерімен бөлісті.

- Ойын өте қиын болды. «Ертіс» - жақсы қорғана алатын, жалдам қарымта шабуыл ұйымдастыра алатын өте жақсы команда. Біз бүгінгі кездесуге тыңғылықты дайындалдық. Олардың қалай шабуылдайтынын, алаңда қалай қимылдайтынын алдын ала білдік. Кездесуде бірінші болып есеп ашу арқылы, өзімізге жүктелген міндетті жеңілдете десем болады. Гол соққаннан кейін өз ойынымызды ойнай бастадық. Екінші голдан кейін тіпті жеңіл болды. Өзімізде болған мүмкіндіктерді пайдалана алғанымызға қуаныштымын. Ең бастысы үш ұпайға қол жеткіздік.

- Өзіңіздің бұрынғы командаңызға қарсы ойнағандықтан психологиялық тұрғыда қиындықтар болған жоқ па?

- Жоқ. Ең бастысы – бапкерлер берген тапсырманы орындау болды. Әрине өзімнің де гол соққым келді. Жоғары нәтижеге жету үшін еңбектенетін боламыз.

- Сіздің алаңдағы позицияңыз қандай? Қапталдағы жартылай қорғаушы ма, әлде шабуылшы ма?

- Қапталдағы шабуылшы.

- Сізге қапталда ойнаған ыңғайлы ма?
- Ең бастысы командаға көмегімді тигізсем болғаны. Және де өзімде болған гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалану. Егер осыларды қатар алып жүре алсам, бәрі керемет болары сөзсіз.

- Осы жылы «Астана» сапында жас ойыншылар өте көп. Бәсекелестік те жоғары. Өзіңді осындай атмосферада жайлы сезінесің бе?

- Алғашқы уақытта аздап қиын болды. Команда өте жақсы. Құрамында мықты ойыншылар жетерлік. Дайындық жұмыстары барысында айырмашылық үлкен. Допты қабылдау, жүгіру т.б. Дегенмен қазір үйреніп қалдым. Алдағы уақытта өзімнің деңгейімді арттырып, командаға пайдамды тигіземін деген сенімдемін.

blog.share
«Астана» командасының шабуылшысы
Роман Мұртазаев Vesti.kz сайтының тілшісіне өзінің бұрынғы командасына қарсы өткізген кездесуінен алған әсерімен бөлісті.

- Ойын өте қиын болды. «Ертіс» - жақсы қорғана алатын, жалдам қарымта шабуыл ұйымдастыра алатын өте жақсы команда. Біз бүгінгі кездесуге тыңғылықты дайындалдық. Олардың қалай шабуылдайтынын, алаңда қалай қимылдайтынын алдын ала білдік. Кездесуде бірінші болып есеп ашу арқылы, өзімізге жүктелген міндетті жеңілдете десем болады. Гол соққаннан кейін өз ойынымызды ойнай бастадық. Екінші голдан кейін тіпті жеңіл болды. Өзімізде болған мүмкіндіктерді пайдалана алғанымызға қуаныштымын. Ең бастысы үш ұпайға қол жеткіздік.

- Өзіңіздің бұрынғы командаңызға қарсы ойнағандықтан психологиялық тұрғыда қиындықтар болған жоқ па?

- Жоқ. Ең бастысы – бапкерлер берген тапсырманы орындау болды. Әрине өзімнің де гол соққым келді. Жоғары нәтижеге жету үшін еңбектенетін боламыз.

- Сіздің алаңдағы позицияңыз қандай? Қапталдағы жартылай қорғаушы ма, әлде шабуылшы ма?

- Қапталдағы шабуылшы.

- Сізге қапталда ойнаған ыңғайлы ма?
- Ең бастысы командаға көмегімді тигізсем болғаны. Және де өзімде болған гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалану. Егер осыларды қатар алып жүре алсам, бәрі керемет болары сөзсіз.

- Осы жылы «Астана» сапында жас ойыншылар өте көп. Бәсекелестік те жоғары. Өзіңді осындай атмосферада жайлы сезінесің бе?

- Алғашқы уақытта аздап қиын болды. Команда өте жақсы. Құрамында мықты ойыншылар жетерлік. Дайындық жұмыстары барысында айырмашылық үлкен. Допты қабылдау, жүгіру т.б. Дегенмен қазір үйреніп қалдым. Алдағы уақытта өзімнің деңгейімді арттырып, командаға пайдамды тигіземін деген сенімдемін.

Жарнама

Живи спортом!