Жоао Поуло пенальти соға алмады. "Ордабасы" өз алаңында "Шахтермен" тең түсті
Қазақстан Премьер-лигасы 14-турының екінші ойын күніндегі алғашқы матчтардың бірінде шымкенттік "Ордабасы" өз алаңында қарағандылық "Шахтерды" қабылдап, тең тарқасты.
Қазақстан Премьер-лигасы 14-турының екінші ойын күніндегі алғашқы матчтардың бірінде шымкенттік "Ордабасы" өз алаңында қарағандылық "Шахтерды" қабылдап, тең тарқасты.
Қос тарап 90 минута бойы көрермендерді голмен қуанта алмады. Тіпті 57 минутта Жоао Пауло он бір метрліктен мүлт кетті. Жоао тепкен доп Игорь Шацкийдің қолына тиіп, бағанадан кері қайтты.
Осылайша бір ұпайды қанағат тұтқан шымкенттіктер 18 ұпаймен сегізінші орында келеді. Ал "кеншілер" тоғыз ұпаймен 13-ші сатыға жайғасқан.
ҚПЛ. 14-тур
"Ордабасы" (Шымкент) – "Шахтер" (Қарағанды) – 0:0
Соғылмаған пенальти: Жоао Пауло (57 – қақпашы қайтарды)
"Ордабасы": Шайзада (Қ), Симчевич (Астанов, 70), Фонтанелло, Клещенко, Ерланов, Диакате, Осучукву (Хижниченко, 78), Досмағамбетов, Тұңғышбаев (Тұрсынбай, 90+2), Жоао Пауло, Механович (Бриджиду, 70)
"Шахтер": Шацкий (Қ), Қыбырай (Алишаускас, 86), Гапон, Нұрсейітов, Габышев, Наджарян, Соломон Удо, Митошевич (Пайруз, 90+1), Бакаев, Чочиев (Свиридов, 86), Тәттібаев (Тошев, 81)
Жарнама