Жоао Пауло мен Вороговский "Қайраттың" ЧЛ-дағы екінші матчіне қатыспайды

Сурет: kazfootball.kz

Алматылық "Қайраттың" бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло мен қорғаушысы Ян Вороговский Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде "Маккаби Хайфа" командасына қарсы жауапты кездесуге қатыса алмайы. 

УЕФА ережесі бойынша барлық команда ойынға қатысатын футболшылар тізімін бір апта бұрын өткізуі керек. Содан соң командалар бұл тізімді келесі кезеңге дейін өзгерте алмайды. 

Осылайша "Қайрат" енді Жоао Пауло мен Ян Вороговский және басқа жаңа ойыншыларын тек 15 шілдеде тізімге қоса алады. Ал жоғарыда айтылған екі ойыншыны да алматылық ұжым ішкі біріншіліктің тізіміне қосып қойды. 

Еске салайық, "Қайрат" пен "Маккаби" арасындағы жауапты кездесу 14 шілдеде сағат 20:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл ойынға 12 мың жанкүйер кіре алады. Ал Израильде өткен бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

Метки:
Жаңалықтар