"Жетісудің" бұрынғы футболшысы Еуропадан жаңа клуб тауып алды

Георги Пашов. Фото: "Академика Клинчени"©
Жазғы трансферлік кезеңде "Жетісу" сапынан кеткен Георги Пашов жаңа команда тапты. Ол жаңа маусымды Румыния біріншілігінде бастайды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

30 жастағы футболшы "Академика Клинчени" командасымен келісімшарт жасапты. Бұл команда өткен маусымды оныншы орында аяқтаған. Футболшы мен клуб арасында келісімшарт қанша мерзімге жазылғаны белгісіз. 

Пашов үшін бұл үшінші шетелдік команда. Ол осыған дейін "Жетісу" және "Арарат-Армения" командаларында ойнаған. 2019 жылы ол Болгария құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Transfemarkt бұл ойыншыны 300 мың еуроға бағалап отыр. 




Метки:
Жаңалықтар