30 жастағы футболшы "Академика Клинчени" командасымен келісімшарт жасапты. Бұл команда өткен маусымды оныншы орында аяқтаған. Футболшы мен клуб арасында келісімшарт қанша мерзімге жазылғаны белгісіз.
Пашов үшін бұл үшінші шетелдік команда. Ол осыған дейін "Жетісу" және "Арарат-Армения" командаларында ойнаған. 2019 жылы ол Болгария құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Transfemarkt бұл ойыншыны 300 мың еуроға бағалап отыр.