Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы академияның стадионында өткен ойын 3:1 есебімен талдықорғандық команданың пайдасына аяқталды.
Кездесудегі есепті "Жетісу" ашты. 29-минутта Аслан Дарабаев алыстан соққы жасаған болатын. Бұл соққыны Александр Заруцкий қайтара алмады.
Ал 41-минутта қызылордалық команда сапынан Александр Колев алаңнан қуылды.
Дегенмен де, Младенов шәкірттері екінші таймды өте керемет бастады. 48-минутта Элвин Фортес соққан голдың арқасында таразы басы да теңескен. Кейін пенальти тебуге де мүмкіндік алды. Бірақ Максим Фиден жарақатынан айығып, негізгі құрамға қайта оралған Алмат Бекбаевтан айласын асыра алмады.
Бұдан кейін талдықорғандық команданың ойыншылары матч тізгінін қолға алып, екі гол соқты. 71-минутта Айбар Жақсылықов көзге түссе, 80-минутта Давид Мавутор гол соқты.
Бұл жеңісінен кейін "Жетісу" командасы 19 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. Ал 20 ұпайы бар "Қайсар" бесінші орында.