"Жетісу" "Қызыл-Жар" командасын жеңіп жетінші орынға көтерілді

Сурет "Жетісу" командасының сайтынан алынды.
Талдықорғандық "Жетісу" командасы Петропавловск қаласының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар СК" командасын тас-талқан етіп жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Алтыншы тур ойыны бүгін, 27 тамыз күні Талғарда өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. 

"Жетісу" командасы бұл кездесудегі барлық голдарды стандарттан соқты. Ойынның бесінші минутында Педро Эуженио есеп ашса, 41 минутта болгариялық Мартин Тошев есепті еселеді. Ал 68 минутта бельгиялық жартылай қорғаушы Доньет Шкодра матчқа нүкте қойды. 



Бұл -  "Жетісудің" биылғы маусымдағы екінші жеңісі. "Қызыл - Жар" командасы болса екінші кездесуінде қатарынан жеңілді. Қазір талдықорғандық команда жеті ұпаймен жетінші орында келе жатыр. Ал қызылжарлықтар төрт ұпаймен тоғызыншы сатыда. 






Метки:
Жаңалықтар