"Жетісу" командасы ойыншыларының жалақысы белгілі болды

Сурет "Жетісу" сайтынан алынды.
"Жетісу" командасының 2021 жылғы бюджетімен команда бапкерлері көңілдері қалағандай етіп команда жасақтай алмайды,- деп хабарлайды "Гол емес!" телеграмм каналы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, талдықорғандық команда ойыншыларының айлағы айына 2-2,5 миллион теңге болады. Осыған байланысты да көптеген футболшылар "Жетісу" командасына келуден бас тартыпты. 

Айта кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша командадан көптеген легионер ойыншылар кеткен болатын. Ал олардың орнына қазірше командаға Адам Адахаджиев, Илья Колпачук деген ойыншылар қосылды. 




Метки:
Жаңалықтар