"Жетісу" Қазақстан біріншілігінде алтыншы рет жеңілді

Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.

"Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры аясында "Шахтер" клубын қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 0:1 есебімен қарағандылық клубтың пайдасына шешілді.

Ойындағы жалғыз голды "Жетісу" ойыншысы соқты. Арсен Хубуловтың қақпаға бағыттаған соққысы Рафкат Асланға тиіп, қақпа торында тулады. Бұдан кейін қос команда мардымды шабуыл жасай алған жоқ.

Магомед Адиев жаттықтыратын команда 6 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді. Қоржынында небәрі бір ұпайы бар талдықорғандық ұжым соңғы орында тұр.

Метки:
Жаңалықтар