Талдықорғандық "Жетісу" командасы түзде оралдық "Ақжайық" командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан біріншілігінің оныншы туры аясындағы бұл ойын Орал қаласында өтіп, 3:2 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды.
24-минутта Николай Ковталюк "Ақжайық" командасын алға шығарған. Бірақ 43-минутта Александр Кислицин айып добын әдемі орындап, таразы басын теңестірді.
Екінші таймның басында Ковталюк дубльдің авторы атанып, алаң қожайындарын тағы алға шығарды.
Дегенмен де 72-минутта "Жетісу" Адам Адахаджиевтің соққан голдың арқасында есепті тағы теңестірді.
Алайда талдықорғандық команда бұл жеңісті ұстап қала алмады. Ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Ковталюк хэт-трик авторы атанып, "Ақжайыққа" жеңіс сыйлады.
Осылайша "Жетісу" қатарынан төрт ойында жеңіліс тауып отыр. Команда бір ұпаймен турнир кестесінің соңында келеді. Ал 12-ұпай жинаған "Ақжайық" сегізінші орында.