КПЛ
24 қыркүйек 2020 15:50

"Жетісу" 0:2 есебімен жеңіліп тұрып жеңісті жұлып алып кетті

Сурет: ҚКФЛ
Қарағандылық "Шахтер" футболдан Қазақстан біріншілігінің оныншы турында талдықорғандық "Жетісу" командасынан жеңіліп қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы академияның стадионында өткен ойын 3:2 есебімен талдықорғандық клубтың пайдасына аяқталды. Кездесудің 70-минутына дейін "кеншілер" 2:0 есебімен жеңіп тұрған. Бірақ бұл басымдықты сақтап қала алмады. 

"Шахтер" кездесудегі есепті 25-минутта ашқан еді. Көзге түскен түркіменстандық жартылай қорғаушы Руслан Мингазов. 



Екінші таймның басында қарағандылық команда есепті еселеді. "Жетісу" қақпашысы алыстан бағытталған соққыны бірден ұстап қала алмай, Абдель Ламанж екінші голды соқты. 



70-минута "Жетісу" есеп айырмасын қысқартты. Бұрыштан асырылған допты Айбар Жақсылықов голға айналдырды. 



Ал 83-минутта Жақсылықов екінші голды соғып, таразы басын теңесті. Ал араға минут өткен соң "Жетісу" жартылай қорғаушысы Педро Эуженио үшінші голды соғып, командасына жеңіс сыйлады. 



Бұл жеңістен кейін "Жетісу" командасы 16 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Ал "Шахтер" болса 12 ұпаймен жетінші орында.