Жерар Гоу "Астана" сапына ауысуы мүмкін

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу "Астана" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлап отыр. 

"Астана" шабуылшы іздеп жатыр. Елордалық командаға "Қайраттың" бұрынғы шабуылшы Жерар Гоу ұсынылды. Бұл трансфер қаншалықты мүмкін екенін білмеймін. Бірақ Джерридің өзі елордалық клубқа келуге қарсы емес. Ол үшін шабуылшы тіпті жалақысын да қысқартуға дайын. Қазір "Астана" ойланып жатыр. Өйткені Гоу соңғы жылдары бабынан айырылып қалған", - деп жазды инсайдер. 

32 жастағы Гоу Қазақстан біріншілігінде "Қайрат" сапында 2014 және 2017 жылдар аралығында өнер көрсетті. Ол ел біріншілігінің үздік сұрмергені атанған. Жалпы "Қайрат" сапында ол барлық турнирде 104 гол соғып, команда тарихындағы үздік шабуылшы болды. 

Форвард алматылық клубтан 2017 жылы келісімшарты аяқталғаннан кейін кетті. Негізі клуб жалақыны шамалы төмендетіп, жаңа ұсыныс жасаған. Бірақ Гоу келіспеді. 

Содан соң ол Қытай біріншілігінде ойнап, кейін Түркияға ауысты. 

 

Метки:
Жаңалықтар