КПЛ
6 тамыз 2020 15:05

Жанкүйерлер "Астана" сапында ел біріншілігін төрт рет жеңген футболшыға Қазақстанға қайта келуін сұрады

Патрик Твумаси. Сурет: futaa.com©
Ганалық футболшы Патрик Твумаси Instagram парақшасында елордалық "Астана" сапында Еуропа лигасында ойнаған кездерін еске түсіріп, пост жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


"Еуропа лигасы қайта оралды? Қай команда топ жарады?", - деп жазба қалдырды футболшы. Содан соң қазақстандық жанкүйерлер Твумасиді біздің елге қайта келуін сұрады. Нақтырақ айтсақ, "Астана" жанкүйерлері Патрикті елордалық клубқа қайта келуін өтінді. 



Айта кетейік, Твумаси "Астана" сапында 171 кездесу өткізіп, 69 гол соғып, 27 нәтижелі пас берді. Осылайша ол клуб тарихында ең үздік сұрмерген атанды. "Астана" сапында ол төрт рет Қазақстан чемпионатын, Қазақстан кубогі мен суперкубогін жеңіп алды. 

25 жастағы жартылай қорғаушы биылғы маусымды түркиялық "Газиентеп" командасында өткізді. Негізі ол испаниялық "Алавес" командасының ойыншысы. Бұл ұжымға ол 2018 жылы "Астана" сапынан ауысып барып, 2022 жылғы дейін келісімшарт жасады. Transfermarkt мәліметі бойынша, оның бағасы үш миллион еуро екен.