auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Италия чемпионатында өнер көрсеткен қорғаушы Қазақстан біріншілігінің деңгейі қандай екенін айтып берді

Ол Қазақстанда екі клубтың намысын қорғаған.

Италия чемпионатында өнер көрсеткен қорғаушы Қазақстан біріншілігінің деңгейі қандай екенін айтып берді
Суреттен "Ақжайық" және "Атырау" клубытарының ресми сайтынан алынды.
Бельгия, Италия, Украина және Румыния біріншіліктерінде өнер көрсеткен "Атырау" командасының бұрынғы қорғаушысы Майкл Одибие Vesti.kz порталының тілшісіне Қазақстан біріншілігінде өнер көрсеткен уақыты туралы және қазақстандық футболшылардың деңгейі туралы айтып берді. 

- Майкл, қазір қайдасыз? Карьераңызды Қазақстанда жалғастыру ойда жоқ па?

- Қазір Италиядамын. Отбасыммен бірге демалып жатырмын. Агенттерден қоңырау күтіп отырмын. Олар маған карьерамды жалғастыратын жақсы команда тауып беруі керек. Мен Қазақстанда ары қарай да ойнай бергім келеді. Ол жақта маған бәрі ұнайды. Елге де үйреніп қалған едімү Бірақ маған тағдырдың не дайындап қойғанын көре жатармыз. Асығудың қажеті жоқ. 

- "Ақжайық" сапында сізді жаттықтырған Вахид Масудов сізді "Атырауға" шақырмады ма?

- Вахид Юнусовичпен үнемі байланыстамыз. Бірақ жұмыс барысын біз сөйлескен жоқпыз. Ұсыныс та жасамады. Уақыт көрсетеді барлығын. 



- Италия, Бельгия, Украина біріншіліктерінде ойнап келген сіз үшін Оралға бой үйрету қиын болған шығар. "Ақжайықтың" екінші алаңы сізді таңғалдырған да болар?


- Білесіз бе, мен кәсіпқой футболшымын. Сондықтан өмірде барлық жағдайға дайын болу керек. Әрине, Қазақстандағы алаңдар керемет емес. Бірақ біз осындай кейбір ұсақ-түйек дүниелерге назар аудармай, өз жұмысымызды дұрыс атқаруымыз керек. Қазақстанда футбол дамып келеді. Сондықтан инфраструтураның дамуына уақыт керек. 

- Нигериядан Бельгияға қалай көшіп келдіңіз?

- Нигерияда жалпы барлық "қара құрлық" елдерінде секілді жалаңаяқ құмда футбол ойнайтын талантты футболшылар өте көп. Мен де солардың бірі болдым. Мен еуропалық мамандардың бірі байқап қалып, Бельгияға келу туралы ұсыныс жасады. Әу баста қиын болды. Мен үйрене алмадым. Кейін тіл үйреніп, ары қарай бой үйретіп алдым. 

- Бельгияда Канабанга деген футболшы жайлы естідіңіз бе?

- Мүмкін Бельгия біріншілігіндегі барлық команданы зерттеп отыратын адамдан Жуниор туралы естіген шығар. Бірақ шынымды айтайын, мен ол туралы Бельгияда ештеме білмедім. 



- Италияда "Сиена" сапында ойнап жүрген кезде қандай атақты футболшылармен жолыңыз түйісті?

- Алекспен кездескенмін. Ол кезде тосканалық клубта ойнап жүрген. Біз бірге ұзақ ойнамасақ та, ол команданың үздік ойыншысы болды. 

- Ал Украина футболы сізді несімен таңғалдырды? Қазақстан футболымен салыстырып көрсеңіз ...

- Бұл екі елдің футболында мен үлкен айырмашылық көрмедім. Маған футбол ойнаған ұнайды. Қайда, қандай команда сапында - маңызды емес. Қазақстан біріншілі жақсы. Сіздерде бәсекелестік бар. Украина біріншілігі де қызық.

- Румынияда сіз Артем Милевскимен бірге ойнадыңыз. Бұл жігіт туралы не айта аласыз? Шынында ол БАҚ жазғандай көп қыдырады ма? Сіз онымен бірге қыдырдыңыз ба? 

- Иә, "Конкордия" сапында мен Артеммен бірге ойнадым. Ол керемет адам. БАҚ бетінде ол турады жазған ақпараттардың көбісі жалған. Мен әдетте басқа футболшылардың жеке өмірі туралы айтқым келмейді. 

- Оның "Ақтөбемен" келісімшарт жасап, кейін Қазақстаннан кетіп қалғаны туралы естідіңіз бе?

- Ол менің жұмысым емес қой. Артемнің мәселесі. Қайда және кіммен жүретінін өзі шешеді. 



- Атырауда сізді не таңғалдырды?

- Басқа қалалар секілді қарапайым қала. 

- Атырау мен Оралда зерікпедіңіз бе?

- Зерігуге уақыт жоқ. Біз үнемі клубтың базасында болып, жаттығу жасадық. 

- Сіз көп елдерде болдыңыз. Карьераңызды аяқтағаннан кейін қайда тұрақтайтын ойыңыз бар?

- Маған Еуропа ұнайды. Карьерамды аяқтағаннан кейін Еуропада қалатын шығармын. 

- Әңгімеіңізге рақмет. Сәттілің тілеймін! 





Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар