Жартылай қорғаушы БАӘ-не бір апта бұрын барды. Ол келе салысымен коронавирусқа тест тапсырып, карантинде жатты. Тесттің қорытындысы бойынша, Исламханнан вирус шыққан жоқ.
Қазіргу уақытта клуб пен футболшының агенті келіссөз жүргізіп жатыр. Исламхан "Әл-Айн" клубымен үш жылға келісімшарт жасауы мүмкін. Оның жылдық жалақысы 1,5 миллион доллар болады.