"Сочи" Исламханға қызығушылық білдіріп, тіпті Александр Кокориннен отандасымыз туралы ақпарат жинапты. Айта кетейік, Кокорин мен Исламхан "Зениттің" қысқы оқу-жаттығу жиындары кезінде бірге жаттығу жасаған болатын.
Шабуылшы Исламхан туралы жақсы ақпарат берген екен. Енді бұл команда Исламханды Андрей Мостовой командадан кеткен жағдайда қатарына қосуы ықтимал. Негізі, Мостовой "Зениттің" футболшысы. Қазір "Сочи" петербургтық клубтың жауабын күтіп отыр.
Еске салайық, 1 шілде күні Исламхан еркін агент атанды. Оның "Аль-Айн" клубымен келісімшарты аяқталып, Қазақстанға оралды.