КПЛ
4 тамыз 2020 15:46

Исламхан? Мен бұл футболшы туралы бірінші рет естіп тұрмын. Ресейлік комментатор қазақ футболын сынап тастады

Бауыржан Исламхан. Сурет "Зенит" сайтынан алынды.
Танымал ресейлік комментатор Георгий Черданцев YouTube-тегі Sports True арнасына берген сұқбатында неге Бахтиер Зайнутдинов "Ростовтың" үздік футболшыларының қатарында емес екенін, Бауыржан Исламхан туралы және Қазақстан құрамасы туралы айтып берді. 

Зайнутдинов туралы

- Мені оны қыста Катарда өткен оқу-жаттығу жиындарында көрдім. Ол шынымен мықты футболшы. Бірақ біз "Ростовтың" үздік ойыншыларын айтқан кезде, ол бұл тізімге кірмейді. Зайнутдиновты асыра мақтаудың қажеті жоқ. Иә, ол жақсы футболшы. Бірақ команданың лидері емес. Сол үшін ол әлі өсу керек. Сөзсіз таланты бар. Дриблинг, алаңды көруі жақсы. Дегенмен оның жасында лидерлік қасиетін көрсету керек. Мен оны бұдан да мықты ойнайтын шығар деп ойлаған ем. 

Менің ойымша оған Карпинмен жұмыс істеген дұрыс. Мәскеу? Мәскеулік клубтарда бәсекелестік жоғары. Негізі таласып көруге болады. Бірақ оның позициясында шынымен мықты ойыншылар көп. Әзірше трансфер нарығында қатты талқыланып жатқан ойыншылардың арасында Зайнутдинов жоқ. 

Исламхан туралы

- Мен бұл футболшыны көрген жоқпын. Мен Чемпиондар лигасы мен Ресей чемпионатын және басқа да бағдарламаларды жүргізетін комментатормын. Бұл футболшы туралы бірінші рет естіп тұрмын. 

Қазақстан құрамасы туралы

- Қазақстан құрамасынfy жоғары нәтиже күткен ем. Мүмкін кей жерде өздеріңізді тым жоғары бағалап жіберген шығарсыздар. Мүмкін жолдарыңыз болмады. Бірақ Қазақстан құрамасынан жаңа ештеме көрмедім. Бұрын да әлсіз команда еді. Әлі сол күйінде. Жоқ. Қазақстанда футбол дамып келеді. Бірақ өте баяу.