Исламхан командасымен келісімшарт жасау үшін Араб Әмірлігіне келді

Сурет "Әл-Айн" командасының сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірлігіне жетті. Ол жақын арада "Әл-Айн" клубымен келісімшарт жасауы керек, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Ол бұған дейін Алматыда болған еді. 

Исламхан команда орналасқан Эль-Айн қаласына келген. Қазақстандық футболшының командамамен жасайтын жаңа келісімшарты ұзақ мерзімді болады. Жартылай қорғаушыны команда қатарында қалуды ұжым бапкері Педро Эмануэльдің өзі қалаған екен. 

"Әл-Айн" командасы шілденің ортасында жаттығу жұмыстарын бастап кеткен. Жазда команда португалиялық жартылай қорғаушы Вилсон Эудардумен келісімшарт жасаған. Сондай-ақ, өткен маусымда клубтың үздік бомбардирі атанған тоголық Коджо Лаба да қалған. Бірақ танымал жартылай қорғаушы Балаж Джуджак командадан кеткен. 

Еске салайық, өткен маусымда Исламхан "Әл-Айн" командасында он кездесуге қатысып, бір гол соқты. БАӘ біріншілігі пандемияға байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. Чемпион анықталған жоқ. 




Метки:
Жаңалықтар