Исламбек Қуат түркиялық клубқа ауысуға жақын

Сурет "Оренбург" сайтынан алынды.
Түркиялық БАҚ жуық арада Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуаттың "Самсунспорт" командасына ауысатынын жазып жатыр. 

"Самсунспорт" жуырда Исламбек Қуатпен келісімшарт жасау үшін келіссөз бастады. Ол "Оренбург" сапында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын 27 жастағы футболшы қазір еркін агент. Түркиялық клуб келісімшарт жасауға жақын", - деп жазады fotoMac.com басылымы. 

Биылғы маусымда "Самсунспорт" Түркияның екінші лигасында өнер көрсетіп, бірінші дивизионға шыға алмады. Команда  келесі маусымда Түркияның жоғары дивизионына шығуды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, Қуат қаңтар айынан бері "Оренбург" командасы сапында ойнамады. Ал 30 шілде күні ресейлік команданың сапынан кетті. 



Метки:
Жаңалықтар