Исламбек Қуат "Шахтерге" қарсы өтетін кездесуге қатыспайды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Елодалық "Астана" командасының жартылай қорғаушысы алдағы 19 турда "Шахтер" командасына қарсы кездесуге қатыспайды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

28 жастағы футболшы "Қызыл-Жар" командасына қарсы өткен 18 турда сары қағаз алып қалды. Бұл Қуаттың осы маусымдағы төртінші сары қағазы. Сол үшін де ол алдағы "Шахтерге" қарсы кездесуге қатыспайды. 

Айта кетейік, биылғы маусымда Исламбек Қуат жалпы 16 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

 

Метки:
Жаңалықтар