КПЛ
11 қаңтар 2021 15:55

Исламбек Қуат ресейлік клубтың негізгі құрамынан шығып қалды

Исламбек Қуат. Сурет "Химки" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат "Химки" командасының негізгі құрамыен оқу-жаттығу жиындарына бармайтын болды. Бұл туралы Айдын Қожахмет телеграм-каналында жазды. 

Қуат команданың бас бапкерінің жоспарына кірмейді екен. Сол үшін де Исламбекке жаңа клуб қарастыра беру туралы да айтылған. Ол Ресей біріншілігінде қалғысы келеді. Бірақ дәл қазір жартылай қорғаушының басқа командалардан ұсыныс аз.

Қазақстандық футболшы өзіне жаңа команда тапқанша "Химки" командасының қосалқы құрамымен дайындалатын болады. 

Еске салайық, 27 жастағы Қуат "Химки" командасына қыркүйек айында ауысып, бұл команданың сапында алты кездесу өткізді. Оған дейін отандасымыз "Оренбург" командасының намысын қорғаған.